ruenkz

Air Astana 5 желтоқсаннан бастап Мальдив аралдарына тікелей рейстер ашады

Салынған уақыты 30.11.2020 15:49

Air Astana авиакомпаниясының ақпараты бойынша рейстер Алматыдан аптасына 5 желтоқсаннан бастап сәрсенбі және сенбі күндері 2 рет және 2020 жылғы 21 желтоқсаннан бастап дүйсенбі күндері қосымша жиілікпен орындалатын болады.

Әуежай, отын шығындарын және басқа да алымдарды қоса алғанда, эконом-кластағы билеттердің құны 292,5 мың теңгеден, ал бизнес-класта — 1,671 млн теңгеден басталады.

Виза онлайн өтінім бергеннен кейін әуежайға келген соң тегін беріледі және алған күннен бастап 30 күн ішінде жарамды.

«Мальдив Республикасына кіру үшін ПТР-тест анықтамасы талап етіледі (материал алынған сәттен бастап рейстің кесте бойынша ұшып келу уақытына дейін 96 сағаттан аспауға тиіс). 1 жасқа дейінгі балалар тесттен босатылады», - деп хабарлайды авиакомпания.

Сондай-ақ, компания Қазақстанға шет елдерден келетін азаматтардың нәтиже берілген күннен бастап Қазақстанға келгенге дейін 3 тәулік ішінде жарамды COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар ПТР анықтамасы болуы міндетті екенін еске салады.

210