ruenkz

American Airlines өз қызметкерлеріне қысқарту болатыны туралы ескертті

Салынған уақыты 19.02.2021 15:35

АҚШ-тың ең ірі авиакомпаниясы American Airlines Group Inc. елдегі 13 мыңға жуық қызметкерге авиациялық сала үшін коронавирустық пандемияның теріс салдары аясында алдағы бірнеше апта ішінде ақы төленбейтін демалысқа жіберілуі мүмкін екенін ескертті деп жазады Интерфакс-Қазақстан.

«Қысқартулар туралы шешім 1 сәуірде немесе Үкіметтің Көмек бағдарламасының мерзімі аяқталған кезде күшіне енеді. Вакцинация процесі біз күткендей тез жүрмейді, бірақ жолаушылар COVID-19-ға теріс тест нәтижесін ұсынуы керек деген халықаралық туризмге қатысты жаңа шектеулер сұранысты төмендетіп отыр», - дейді компания басшылығы.

Авиакомпания «жұмыс орындары үшін мүмкіндігінше жеңілдету шараларын қолдану үшін қолдан келгеннің бәрін жасау мақсатында» кәсіподақтармен келісімге келетінін айтты. Кәсіподақтар Конгресті көмек мерзімін 30 қыркүйекке дейін ұзартуға шақырады. American Airlines авиакомпаниясының акциялары өткен 12 айда 38,5% арзандады.

156