ruenkz

Etihad авиакомпаниясы әлемде бірінші болып бүкіл ұшу құрамын вакцинациялады

Салынған уақыты 24.02.2021 09:57

Etihad Airways авиакомпаниясы бүкіл ұшу құрамы мен барлық бортсеріктерге COVID-19-ға қарсы вакцинация жүргізген әлемдегі алғашқы авиатасымалдаушы болғанын  мәлімдеді.

Біріккен Араб Әмірліктерінің ұлттық тасымалдаушысы жолаушылар үшін де, қызметкерлер үшін де әр рейс алдында COVID-19 талдауын жүргізуді талап ететін әлемдегі жалғыз авиакомпания деп жазады АТО порталы.

БАӘ Үкіметі наурыз айының соңына дейін ел халқының жартысын егу міндетін қойды. Etihad мемлекеттің вакцинациялау міндетін мерзімінен бұрын орындағаны туралы есеп берді: қазіргі уақытта барлық қызметкерлердің 75%-дан астамы вакцинацияның кем дегенде бірінші кезеңінен өтті. Вакцинация қарқыны бойынша БАӘ бүкіл әлемде Израильден кейінгі екінші тұрған ел.

Жақында Etihad Airways жолаушыларға сапарды ПТР тестілеу немесе COVID-19 вакцинациясының елдік талаптарына сәйкес ұйымдастыруға көмектесетін мобильді қосымша болып табылатын IATA Travel Pass-пен жұмыс жасап бастағанын жариялады.

161