ruenkz

Наурыз айында 20 авиакомпания ковид-паспорттар жүйесін енгізе бастайды

Салынған уақыты 24.02.2021 14:17

20-ға жуық авиакомпания 2021 жылдың наурыз айында ковид-паспортты (Travel Pass) енгізуді жоспарлап отыр. Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) ұсынған ковид паспорттары идеясы жолаушыларға халықаралық сапарға шығу кезінде қажет болатын COVID-19 вакцинасы мен сынақтары туралы жазбаларды қауіпсіз сақтауға мүмкіндік береді деп хабарлайды Tengritravel.kz FlightGlobal-ға сілтеме жасай отырып.

Travel Pass қосымшасын пайдаланатынын растаған авиакомпаниялардың қатарына Emirates, Etihad, British Airways, American Airlines, Singapore Airlines, Lufthansa және басқа да ірі тасымалдаушылар кіреді. IATA қосымшаның шекараны қауіпсіз ашуға ықпал ететініне сенімді және тағы 30-40 тасымалдаушымен келіссөздер жүргізбекші.

Басылымның хабарлауынша, IATA авиакомпанияларға өздерінің клиенттік қосымшаларына Travel Pass қосуды ұсынады. Бұл қосымшада жолаушыларға сапарға шығар алдында қандай сынақтар, вакциналар және басқа шаралар қажет болуы мүмкін екендігі туралы ақпарат болады. Пайдаланушылар өздерінің денсаулығы туралы құжаттарды тіркей алады және авиакомпаниялар мен иммиграциялық қызмет персоналына ақпарат бере алады. IATA-ның жолаушылардың дербес деректеріне рұқсаты жоқ екені де атап көрсетілді.

154