ruenkz

Қазақстанда дрондарды пайдаланудың жаңа қағидалары әзірленуде

Салынған уақыты 28.04.2021 09:37

Болжамды түзетулер арқылы ұшқышсыз авиациялық жүйелерді жобалауға және дайындауға қойылатын талаптарды қосымша белгілеу мақсатында, ҚР әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану қағидаларын ҚР әуе кеңістігінде ұшқышсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларына ауыстыру жоспарлануда деп хабарлайды profit.kz сайты Zakon.kz сілтеме жасай отырып.

«Сондай-ақ, құрылымы, өндірісі және оған техникалық қызмет көрсетілу сертификаттауға жататын ұшқышсыз авиациялық жүйе түрлері, белгіленген санаттағы пилотсыз әуе кемелерінің ұшу жарамдылығын қолдау бойынша талаптар, пайдаланылатын жиілік диапазоны бөлігінде қашықтықтан сәйкестендіру жүйелеріне қойылатын талаптар, берілетін ақпарат құрамы, сондай-ақ осы жүйе орнатуға міндетті ұшқышсыз ұшу аппараттарының санаттары, ең жоғары ұшу массасы 30 кг-нан асатын операторлар үшін ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесіне қойылатын талаптар айқындалатын болады», - деп хабарлады ҚР ИИДМ.

Операторды сертификаттау және сыртқы ұшқыштарды лицензиялау бөлігінде дәстүрлі басқарылатын әуе кемелері үшін де талаптар белгілене отырып, операциялардың жаңа санатын «сертификатталған» санатына енгізу жоспарлануда, сондай-ақ ұшқышсыз авиациялық жүйелерді пайдаланушы-оператор сертификатын беруге қойылатын талаптар (салмағы, орындалатын жұмыстар немесе ұшу типі бойынша) айқындалды. Бүгінгі таңда елімізде 279 ұшқышсыз ұшу аппараты есепте тұр.

423