ruenkz

Қазақстан мен Өзбекстан Азия шенгенін іске қосады

Салынған уақыты 11.05.2021 17:21

 

Қазақстан мен Өзбекстан Жібек жолы елдері бойынша шенген визасының аналогы бола алатын Silk Road Visa шенгеннің азиялық нұсқасын енгізу мәселесін қарастыруда деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Өзбек тарапы Silk Road Visa электрондық визасын енгізу жобасын іске асыру мәселелері бойынша екі консулдық консультация және жұмыс тобының төрт отырысын өткізді.

«Ұсынылып отырған тетік трансұлттық турөнім жолындағы кедергілерді (туристердің шектес мемлекеттердің шекарасынан өтуі кезіндегі визалық, кедендік және шекаралық кедергілер) еңсеруге мүмкіндік береді. Өткізілген отырыстардың қорытындысы бойынша тараптар Silk Road Visa бірнеше мәрте электрондық туристік визасы туралы ережені және азаматтары Silk Road Visa электрондық визасын алуға құжат тапсыра алатын елдердің бірыңғай тізбесін келісті», - деп нақтылады ҚР Мәдениет министрлігінде.

Нормативтік-құқықтық және техникалық сипаттағы мәселелер шешілетіні айтылды. Олардың ішінде ақпараттық жүйелерді интеграциялау, бірыңғай консулдық алымды айқындауды және жобаны толыққанды іске асыру үшін үкіметаралық келісім жасасумен қатар жобаны бірлесіп қаржыландыру да бар. Бұл бастамаға Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан оң баға берді.

343