ruenkz

Қазақстаннан екі жаңа халықаралық авиарейс іске қосылады

Салынған уақыты 02.06.2021 16:47

«Эйр Астана» авиакомпаниясы 2021 жылдың 3 маусымынан бастап Нидерланды билігі енгізген шектеулерге байланысты осы жылдың басында тоқтатылған Атыраудан Амстердамға ұшатын рейстерді қайта бастайды деп хабарлайды Tengritravel.kz.

Рейс аптасына бір рет, бейсенбі күні, Airbus A321 әуе кемесімен орындалатын болады. Атырау-Амстердам рейсі әр сәрсенбі сайын Атыраудан Франкфуртқа орындалатын рейсті толықтырады. Рейстер әуе сапарын Еуропа мен Солтүстік Америкадағы серіктес авиакомпаниялардың рейстерімен ыңғайлы етіп тоғыстыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, қазақстандықтар енді Алматыдан жаңа тікелей халықаралық рейспен ұшып шыға алады. Uzbekistan Airways компаниясы Самарқанд - Алматы – Самарқанд бағыты бойынша тұрақты әуе қатынасын іске қосатыны туралы хабарлады. Алматыда алғашқы әуе кемесі 8 маусымда ұшып шығады. Рейстер аптасына екі рет, сейсенбі және сенбі күндері орындалады деп жоспарлануда.

351