ruenkz

Қазақстанда «COVID-19-сыз саяхатта» қосымшасы қолжетімді болды

Салынған уақыты 14.06.2021 08:46

 

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріне саяхат жасау үшін «COVID-19-сыз саяхаттау» қосымшасы құрылды деп хабарлайды Tengritravel.kz. «Travel without COVID-19» қосымшасын Еуразиялық Даму Банкі Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің азаматтары шекарадан өту кезінде ПТР тестінің нәтижелерін ұялы телефонның көмегімен көрсете алатындай етіп жасады.

Енді бұл онлайн қызметті Ресей, Армения, Беларуссия және Қырғызстан, сондай-ақ ЕАЭО мүшесі емес Тәжікстан тұрғындары пайдаланады. Келесі кезекте Қазақстан тұр. Әзірлеушілер жүйе жетілдіріліп отырады және болашақта ол вакцинация және антиденелердің саны туралы ақпаратты көрсететін болады деп сендіреді.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесін IATA Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының Travel Pass мобильді қосымшасымен біріктіру мәселесі қарастырылуда, бұл авиажолаушыларға бұрын жасалған тест немесе олардың алған вакциналары туралы ақпарат көрсетілген жол жүру «цифрлық паспортын» жасауға көмектеседі.

600