ruenkz

Медицина қызметкері күні құтты болсын!

Салынған уақыты 18.06.2021 14:49

Медицина қызметкері күні «Қазаэронавигация» РМК басшылығы орталық директоры Гүлмира Хайртденқызы Дюсенбаева бастаған Авиациялық медициналық орталық ұжымын құттықтай отырып, ұшуды сапалы медициналық қолдау кезіндегі атқарған еңбегі үшін алғыс білдіреді!

Сіздер қиын-қыстау сәтте бірінші болып жолаушыларға көмекке келесіз, апаттық-құтқару жұмыстары кезінде жәрдем көрсетесіз, адамдарға әуежай мен перрон аумағында өздерін қауіпсіз сезінуге көмектесесіз.

Авиация мамандары, авиациялық медициналық сарапшылар авиация персоналының денсаулығы үшін жауапкершілікті батыл өз мойнына алады, кәсіби қызметке рұқсат беріп, күн сайын маңызды шешімдер қабылдайды.

Сіздерге денсаулық, зор табыс, қуаныш және жаңа белестерді бағындыруды тілейміз!

403