ruenkz

Мәжіліс АҚШ пен ҚР «ашық аспан» туралы заң жобасын қарауға алды

Салынған уақыты 02.07.2021 08:51

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Қазақстан мен АҚШ арасындағы «ашық аспан» приницптерін көздейтін заң жобасын қарауға алды деп хабарлайды Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығы.

Бейінді комитет «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарауға алуға және ол бойынша қорытынды дайындауға дайын. Бұл келісім «ашық аспан» приницптерін көздейді, оның шеңберінде тараптар тасымалдаушылар саны, межелі пункттер мен жиіліктер бойынша шектеусіз ұша алады. Келісім сыртқы көлік қолжетімділігін арттыруға және халықаралық авиамаршруттардың географиясын кеңейтуге ықпал ететін болады.

Айта кету керек, екі ел арасында тиісті келісім 2020 жылдың қаңтарында жасалды. Ол Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) әуе көлігін одан әрі либерализациялау жөніндегі ұсынымдарына сәйкес «ашық аспан» принципін көздейді.

 

297