ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК-да Frequentis AG компаниясының басшылығымен кездесу өтті

Салынған уақыты 03.07.2021 12:23

«Қазаэронавигация» РМК-да Frequentis AG компаниясының басшылығымен және өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесу аясында Frequentis AG компаниясының өкілдері Frequentis AG техникалық мүмкіндіктері мен портфолиосы туралы толық ақпарат берді.

Frequentis AG компаниясы жаһандық аэронавигациялық қызмет көрсетушілерге өз қызметін ұсынатын авиациялық технологиялар жеткізушісі әрі дауыстық байланыс пен авиациялық деректерді беру желілері, цифрлық және қашықтағы мұнараларды жасау технологиялары саласындағы әлемдік көшбасшы болып табылады.

Бұл кездесу барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, жұмыс тәртібімен өтті.

420