ruenkz

2021 жылғы 30 маусым күні «Қазаэронавигация» РМК Көкшетау филиалы 1-санатты техник-метеорологті зейнеткерлік жасқа толуына байланысты құрметті демалысқа салтанатты түрде шығарып салды

Салынған уақыты 27.07.2021 10:06

2021 жылғы 30 маусым күні «Қазаэронавигация» РМК Көкшетау филиалы 1-санатты техник-метеорологті зейнеткерлік жасқа толуына байланысты құрметті демалысқа салтанатты түрде шығарып салды.

Надежда Васильевна Антонова Алматы қаласындағы гидрометеорологиялық мектепті «Метеоқұрылғыларды пайдалану технигі» мамандығы бойынша, сондай-ақ Ташкент гидрометеорологиялық техникумын «Метеорология» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Надежда Васильевна өзінің еңбек жолын 1978 жылы техник-метеоролог лауазымынан бастады. Метеоролог мамандығы бойынша жалпы еңбек өтілі 43 жылды құрайды.

Алғыс сөздер мен жылы тілектер айтылып, көп жылғы еңбегі үшін филиал директорының атынан грамота табыс етілді. Авиация саласында жұмыс істеген жылдары метеорологиялық қызметтің дамуына үлкен үлес қосып, өзінің өндірістік, өмірлік тәжірибесімен және кәсіби шеберлігімен жас мамандармен бөлісе білді.

437