ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК Атырау филиалының ӘҚҚ қызметі Атырау әуеторабының азаматтық авиация ұйымының өкілдерімен мәжіліс өткізді

Салынған уақыты 19.06.2018 08:58

«Қазаэронавигация» РМК Атырау филиалының ӘҚҚ қызметі

Атырау әуеторабының азаматтық авиация ұйымының өкілдерімен мәжіліс өткізді

 

«Қазаэронавигация» РМК Атырау филиалының ӘҚҚ қызметі Атырау әуеторабының азаматтық авиация ұйымының өкілдерімен мәжіліс өткізді.  Мәжілісте келесі мәселелер қарастырылды:

- ҚР ААЖ-на «Әуеайлақты пайдаланудың жергілікті қағидалары» ӘА 2.20. УАТГ бөліміне түзету жобасы;

- «ҚР әуе кеңістігін пайдалану қағидалары» 2-бөліміне сәйкес Атырау жауапкершілік аймағында әуе кеңістігі құрылымы мен сыныптамасы жобасын талқылау;

- аэронавигациялық ақпарат құжаттарында осы деректерді жариялауға дайындық үшін «Қазаэронавигация» РМК ААБ департаментінде төменгі эшелоннан төмен ұшу кезінде Атырау диспетчерлік аймақта (СTR) кіріс пен шығыстың белгіленген нүктелері бойынша өзекті деректерді пайдаланушылардың ұсынуы;

«Атырау халықаралық әуежайы» АҚ, «Қазаэронавигация» РМК Атырау филиалы, Атырау әуеайлағында орналасқан авиакомпаниялар өкілдері мәжіліс қатысушыларына ҚР ААЖ-на түзетулер енгізу бойынша ұсыныстарды жеткізді.

Мәжіліс қатысушыларына «ҚР ӘКП қағидалары» 2-бөліміне сәйкес Атырау жауапкершілігі аймағында әуе кеңістігі құрылымы мен сыныптамасы жобасы ұсынылды.

Мәжіліс қатысушыларынан сұрақтар мен ұсыныстар тыңдалды және оларға тиісті түсініктемелер берілді.

Мәжіліс нәтижелері бойынша келесі шешімдер қабылданды:

- «ҚР ААЖ-на «Әуеайлақты пайдаланудың жергілікті қағидалары» ӘА 2.20. УАТГ бөліміне түзету ретінде аэронавигациялық ақпаратты таратуға жататындығы туралы хабарлама» ұсынылған жобаны қабылдау;

- «ҚР ӘКП қағидалары» 2-бөліміне сәйкес Атырау жауапкершілігі аймағында әуе кеңістігі құрылымы мен сыныптамасы жобасын FIR жалпы құрылымын қалыптастыру үшін ӘҚҰ БҚ АО –на ұсыну;

- Атырау жауапкершілігі аймағында әуе кеңістігін пайдаланушылар жіктелмеген әуеайлақтар, қону алаңқайлар бойынша өзекті деректерді ұсынуды, сондай-ақ «Қазаэронавигация» РМК ААБ департаментінде төменгі эшелоннан төмен ұшу кезінде Атырау диспетчерлік аймақта (СTR) кіріс пен шығыстың белгіленген нүктелері бойынша деректерді осы деректерді аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жариялауға дайындау үшін ұсынуды жеделдету.

«Қазаэронавигация» РМК Атырау филиалының ӘҚҚ қызметімен және әуе кеңістігін пайдаланушыларымен бірігіп, тұрақты түрде өткізілетін осы мәжіліс  ӘҚҚ қызметі мен әуеторабын пайдаланушылардың өзара әрекетін және филиалдың жауапкершілік аймағында ұшулардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сапалы жақсартуға жеткізетіні анық.

500