ruenkz

Мемлекеттік метрологиялық бақылау

Салынған уақыты 19.06.2018 16:00

Әуе қозғалысын басқару жүйесінің аэронавигациялық құрылғылары пайдаланылған жағдайда «Техникалық реттеу туралы», «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңдары, метрологиялық қағидалар мен нормалар талаптарының сақталуын тексеру мақсатында тұрақты түрде мемлекеттік метрологиялық бақылау жүргізіледі. Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік тізбесіне енгізілген және кезеңдік тексеруден өткен өлшеу құралдарын қолдану ұшу қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі болып табылады. 2017 жылы «Техникалық реттеу туралы», «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңдары талаптарының сақталуына соңғы тексеру жүргізу қорытындылары бойынша өлшеу құралдарын пайдалану Көкшетау филиалында пайдалану жөніндегі нұсқаулық (техникалық сипаттамасы, паспорты және т.с.с.), метрологиялық қағидалар мен нормалар талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. «Техникалық реттеу туралы», «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының бұзылғаны анықталмады.

«Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ 2018 жылғы 20 мамырда дүниежүзілік метрология күніне орай метрологиялық қамтамасыз ету барысында жүргізген елеулі жұмысы мен өңірде метрологияны дамытуға қосқан үлесі үшін Көкшетау филиалын ерекше атап, адал еңбегі үшін филиалды метрологиялық қамтамасыз етуге жауапты радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметінің ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету кешенінің инженері Алексей Вячеславович Турковты құрмет граматосымен марапаттады.

1440