ruenkz

Метеорологиялық жабдықты сертификаттық тексеруге дайындау

Салынған уақыты 22.06.2018 12:48

Метеорологиялық жабдықты сертификаттық тексеруге дайындау

Ұшу қауіпсіздігі әрқашан да «Қазаэронавигация» РМК-ның басты артықшылығы болып табылатын. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құрылымдық бөлімшелер толықтай халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес келетін заманауи, жоғары сапалы жабдықтарды пайдаланады.

Метеорологиялық жабдықтың техникалық сәйкестік деңгейін қолдау үшін жыл сайын метеорологиялық өлшеу жүйелеріне тексеру жүргізіледі.

Қазіргі сәтте Жамбыл филиалында Метеорологиялық қызмет бастығы М.С. Боромбаевтың басшылығымен метеорологиялық жабдыққа технологиялық қызмет көрсету кешенінің инженерлері өлшеу құралдарын жыл сайынғы сертификаттық тексеруге дайындауды жүргізеді. Сондай-ақ метеорологиялық жабдықты және байланыс желілерін техникалық және көзбен көріп тексеру жүргізді.

Филиалдардағы техникалық жабдықтаудың жоғары деңгейін қолдау үшін құрылымдық бөлімшелерді бүгінде орнатылған жабдықты өлшеу және резервтеудің жаңа жүйелерімен қамтамасыз ету жоспары бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

608