ruenkz

Қостанай облысындағы авиация-химикиялық жұмыстар

Салынған уақыты 22.06.2018 08:43

Қостанай облысындағы авиация-химикиялық жұмыстар

15 маусымнан бастап Қостанай облысында жаппай АХЖ басталды. 2018 жылға жоспарланған астық және дәнді-бұршақты дақылдардың егін алаңдары 3,973 млн. аса га құрайды, оның ішінде 3,487 млн. га – бидай егіні, ал 337 мың. га – арпа егіні.

АХЖ алдында «Авиа-Жайнар» авиакомпаниясының және «Қазаэронавигация» РМК Қостанай филиалының өкілдері бірлескен кеңес өткізді. Кеңесте АХЖ үдерісінде өзара іс-қимыл жасау мәселелері қаралды. Сондай-ақ Азаматтық авиация комитетіне ӘҚҚ қызметінің экипажымен «Жұмыстарды азанғы бастау – азанғы аяқтау баяндамасы, кешкі бастау – кешкі аяқтау баяндамасы» бойынша байланыс жүргізуге рұқсат беру туралы ақпарат берілді. Метеоқызметтің бастығы GAMET болжамын пайдалану ережелерімен қысқаша түрде таныстырып өтті. ӘҚҚ қызметі радиобайланыс жүргізу, ұшу жоспарын беру ерекшеліктеріне тоқталды. ЖДП және  Брифингте жедел өзара іс-қимыл жасауды жақсарту үшін осы жұмыс орындарындағы ұялы телефондар пайдаланылады.

РТЖБП қызметінің бастығы Қостанай филиалымен әуе кемесі командирінің байланысы мүмкін болмаған жағдайда «Астана-Радио» ҚТ байланыс арнасын пайдалану туралы сөз етті.

22 маусымдағы жағдай бойынша АХЖ-да жұмыс істейтін әуе кемелерінің саны 5 авиакомпаниядан 25 бортты құрайды. Жақсы астық мақсатында химиялық тыңайтқыштарды, пестицидтерді және гербицидтерді  қолдану бойынша жұмыстарға «Дельта-С» компаниясының 5 мотодельтапланы пайдаланылады.

Айдың аяғына дейін тағы 20 АХЖ борттарын шығару жоспарланып отыр.

416