ruenkz

Павлодар-Новосибирск бағыты бойынша көптен күткен рейстің ашылуы

Салынған уақыты 25.06.2018 14:21

2018 жылғы мамыр айынан бастап Павлодар әуеайлағы ауданындағы рейстердің саны айтарлықтай көбейді, оларға аэронавигациялық қызмет көрсету мен метеорологиялық қамтамасыз етуді «Қазаэронавигация» РМК Павлодар филиалының мамандары жүзеге асырады.

Павлодар қаласының әуежайында Астана, Алматы, Мәскеу бағыттары бойынша аптасына 30-ға жуық тұрақты рейс орындалады. 2018 жылғы 30 мамыр күні Павлодар мен Новосибирск арасында жаңа, көптен бері күткен тұрақты әуе қатынасы ашылды.      Рейстерді 78 жолаушыны тасымалдауға есептелген жаңа ыңғайлы Embraer-170 әуе кемелерінде ресейлік S7 Airlines авиакомпаниясы жүзеге асырады.

Жыл сайын мамыр айынан бастап қыркүйек айына дейін ұшу санының артып отыруы Павлодар облысының Қазақстан Республикасынан басқа елде демалғысы келген тұрғындары үшін тұрақты рейстердің ашылуы есебінен орын алды. Жаппай демалыс кезінде Анталияға, Минск қаласына тұрақты рейстер, Мәскеуге қосымша рейстер орындалады.

Анталияға авиатасымалдауларды SCАТ авиакомпаниясы, Минскке – белорустық  Белавиа авиакомпаниясы, ал Мәскеу қаласына (Домодедово әуежайы) – ресейлік S7 Airlines авиакомпаниясы орындайды.

480