ruenkz

Астана қаласының 20 жылдығына орай мини футболдан турнир өтті

Салынған уақыты 17.07.2018 10:07

«Қазаэронавигация» РМК Жамбыл филиалы Астана күнін мерекелеу қарсаңында мини футболдан турнир ұйымдастырып, өткізді. Турнирге төмендегі командалар қатысты:

  1.  «Қазаэронавигация» РМК Жамбыл филиалы;
  2.  «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ;
  3. «Forte Bank» АҚ;
  4.  «Цеснабанк» АҚ;
  5.  «Әулие-Ата» халықаралық әуежайы» АҚ.

Турнир атқару комитетінің арқасында және барлық командалар жанкүйерлерінің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Жамбыл филиалының футболшылары бірінші орын алып, біріншіліктің ауыспалы кубогының иегері атанды. Жүлделі орындар алған футболшылар құрмет грамоталарымен марапатталды.

Біздің футбол командамыз жергілікті деңгейде және орталық кәсіподақ ұйымдастыратын жыл сайынғы турнирлерге де тұрақты түрде қатысады.

Спортпен шұғылдану денсаулыққа, ұжымның іскери белсенділігі мен еңбекке қабілеттілігіне, сондай-ақ тұтастай кәсіпорын жұмысының түпкілікті нәтижесіне оң әсерін тигізеді. Кәсіпорын жұмыскерлерінің рухани  дүниесі мен денінің саулығы – филиалдың апатсыз жұмысы мен әуе қозғалысына қауіпсіз қызмет көрсету кепілі.

598