ruenkz

Өңіраралық семинарға қатысу.

Салынған уақыты 19.07.2018 11:58

Азаматтық авиация комитеті мен «Қазаэронавигация» РМК өкілдері 2018 жылғы 10-12 маусымда Париж қаласында өткен ИКАО өңіраралық семинарына қатысты. Семинарға 41 мемлекеттің және 8 халықаралық ұйым мен компанияның өкілдері (барлығы 101 қатысушы) қатысты.

Кездесуде «Аэронавигациялық ақпаратты басқару (PANS-AIM, ICAO Doc 10066) және жаңа ережелерді үйлестіріп енгізу тәсілдері» атты жаңа құжаттың талаптары қарастырылды. Аэронавигациялық ақпаратты басқару саласы өзіндік ерекшелігі бар және аэронавигациялық жағдайдағы кез келген өзгерістерге сезімтал сала. Сондықтан мұндай семинарға тиісті мамандардың қатысуы мемлекетіміздің осы саласын дамытуға оң әсерін тигізеді.

500