Қостанай филиалында Келісім комиссиясының мүшелері үшін семинар өтті
Салынған уақыты 25.09.2023 15:51
ҚР Еңбек кодексінің 159-бабы 8-тармағының талаптарына сәйкес, Қостанай филиалында 2023 жылғы 22 қыркүйекте Келісу комиссиясының мүшелеріне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту және еңбек дауларында консенсусқа қол жеткізу бойынша жыл сайынғы оқыту өткізілді.
Оқытуды әкімшілік және кадрлық жұмыс департаментінің персоналмен жұмыс жасау және әлеуметтік мәселелер бөлімінің бастығы Х.А. Сераев ұйымдастырды.
Семинарға қатысушылар 2023 жылы ҚР Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістермен танысты, олардың кейбіреулері Келісім комиссиясының отырыстарын ұйымдастыру және өткізу мәселелеріне тікелей қатысты. Сондай-ақ, Келісім комиссиясының мүшелері ҚР Әлеуметтік кодексінің негізгі ережелерімен танысты, оның қабылдануымен 2023 жылғы 1 шілдеден бастап «Қазаэронавиция» РМК кадр қызметтері басшылыққа алған бірқатар заңдардың күші жойылды.
Семинар барысында қатысушылармен сұрақтар қойылды, сондай-ақ еңбек заңнамасына өзгерістер енгізу бойынша осындай оқытуды жиі өткізуге тілектер айтылды.


2826