«Қазаэронавигация» РМК «БҚ ӘҚҰ ӨО» филиалында 2023 жылғы 18-22 қыркүйек аралығында ӘҚҚ диспетчерлерінің арасында кәсіби шеберлік конкурсы өтті
Салынған уақыты 02.10.2023 12:27
ӘҚҚ диспетчерлерінің теориялық деңгейлері мен кәсіби даярлықтарын арттыру, еңбек тәртібі мен технологиялық тәртіпті нығайту, озық еңбек әдістері мен тәсілдерін тарату және енгізу, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін жариялау мақсатында «БҚ ӘҚҰ ӨО» филиалында 2023 жылғы 18-22 қыркүйек аралығында ӘҚҚ диспетчерлерінің арасында кәсіби шеберлік конкурсы өтті.
Конкурс бес кезеңге бөлінді. Конкурсқа әуе қозғалысын басқару диспетчерінің қолданыстағы куәлігі бар, жыл бойына және конкурс басталған күнге дейін технологиялық тәртіп пен еңбек тәртібін өрескел бұзушылықтары жоқ диспетчерлер қатысуға құқылы.
Конкурстың бірінші және екінші туры – үй тапсырмасын бағалау. Конкурсқа қатысушылар конкурстық комиссияға ағылшын тіліндегі презентацияларын ұсынды, тақырыбы – конкурсқа қатысушының жұмыс аймағындағы ӘҚҚ күрделі мәселелері немесе ӘҚҚ диспетчерлерінің теориялық даярлығын арттыруға бағытталған методикалық материал. Арнайы шақырылған оқытушы және тіл иесі диспетчерлердің ағылшын тілін меңгеру деңгейіне баға берді. Үй тапсырмасын даярлау ӘҚҚ персоналының ӘҚҰ нақты ауданында ұшу қауіпсіздігін арттыруға бағытталған бастамасы болып табылады.
Конкурстың үшінші туры – ӘҚҚ диспетчерлерінің жұмысын реттемелейтін нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ азаматтық авиация тарихы бойынша сұрақтардан, әсіресе, «Қазаэронавигацияның тарихына қатысы бар сұрақтардан құралатын тесті.
Конкурстың төртінші туры – диспетчерлік жаттығу құрылғысында тәжірибелік дағдыларды тексеру. Тур симуляциялық жаттығулардың екі кезеңінен құралады: әуе қозғалысының жоғары қарқындылығындағы командалық жаттығу; ерекше оқиғалар кезінде диспетчердің технологиясын орындау.
Алғашқы төрт турдың қорытындылары бойынша жоғары балл жинаған 5 қатысушы бесінші соңғы турға жіберілді. Соңғы турды жүргізуге және жеңімпаздарды марапаттауға кәсіпорынның бас директорының бірінші орынбасары Ф.Ф. Богдашкин қатысты. Бесінші турда 3 сұрақ пен ӘҚҚ бойынша 9 тапсырмадан құралған 5 билет болды. Сұрақтар метеорологиямен, радиотехникалық құралдармен және авиация тарихымен байланысты. ӘҚҚ бойынша тапсырмаларды орындауға 10 минут берілді.
Конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:
- АДО диспетчері Олжас Саркебайұлы Ділдабай «Ең үздік үй тапсырмасы» номинациясы бойынша марапатталды;
- 3 орынды АДО диспетчері Әділет Ақзатұлы Ибадуллин иеленіп, «Үздік ағылшын тілі» номинациясы бойынша марапатталды;
- 2 орынды АДО диспетчері Азамат Алдабергенұлы Алмағамбетов иеленіп, «Үздік тәжірибелік дағды» номинациясы бойынша марапатталды;
- 1 орынды АДО диспетчері Ерасыл Жанбулатұлы Мұқашев иеленіп, «Үздік теориялық білім» номинациясы бойынша марапатталды.
Авиадиспетчерлердің кәсіби шеберлігінің бес кезеңнен тұратын конкурсы – қатысушылардың дағдылары мен қабілеттерін тексерудің тиімді әдісі, сондай-ақ өзін сынау мен өзін көрсете білу құралы болды.



3054