ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК XXVI Халықаралық Translogistica Kazakhstan - 2023 көрмесінде өз стендін ұсынды

Салынған уақыты 05.10.2023 17:01

Қазақстандық көлік апталығы аясында 4-6 қазан аралығында Астанада New Silk Way Бизнес-форумы өтуде. Іс-шара XXVI Халықаралық Translogistica Kazakhstan-2023 көрмесімен бір мезгілде өткізіледі. Елордада өз стендтерін Қазақстан, Әзірбайжан, Беларусь, Германия, Иран, Италия, Қытай, Қырғызстан, Литва, Латвия, Эстония, Польша, Ресей Федерациясы, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Финляндия және басқа елдерден 226 компания ұсынады.

«Қазаэронавигация» РМК стенді келушілер мен әлеуетті серіктестердің назарын өзінің функционалдылығымен және заманауи шешімімен тарта отырып, көрмеде лайықты орын алды.

 

2708