ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК басшылығы Қытайдың Азаматтық авиация басқармасының ӘҚҚ жөніндегі Шыңжаң бюросының өкілдерімен кездесті

Салынған уақыты 10.10.2023 09:07

Ағымдағы жылдың 10 қазанында Астана қаласында «Қазаэронавигация» РМК мен Қытайдың Азаматтық авиация басқармасының ӘҚҚ жөніндегі Шыңжаң бюросы арасында екіжақты кездесу өтті.

Кездесу барысында Қазақстан мен ҚХР-дың ұшу қауіпсіздігі және әуе қозғалысын ұйымдастыру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, кеңеске қатысушылар «Қазаэронавигация» РМК мен ӘҚҚ жөніндегі Шыңжаң бюросы арасында келісім-хатқа қол қою мүмкіндігін талқылады, оның мақсаты әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде Үрімші АДО (ҚХР) мен Алматы (Қазақстан) АДО арасындағы үйлестіру процедураларын айқындау болып табылады.  Бұл процедуралар ИКАО мен екі елдің ұлттық құжаттарында көрсетілген процедураларды толықтырады.

 

3092