ruenkz

«Азаматтық авиация академиясы» АҚ-ның «Қазаэронавигация» РМК-мен ынтымақтастығы бойынша Жол картасына қол қою

Салынған уақыты 12.10.2023 12:00

2023 жылғы 09 қазанда «Қазаэронавигация» РМК мен «Азаматтық авиация академиясы» АҚ арасында авиация мамандарын даярлау саласындағы ынтымақтастық бойынша екіжақты кездесу (кеңес) өткізілді.

Кездесу аясында «Азаматтық авиация академиясы» АҚ-ның авиация мамандарын даярлау бойынша презентациясы ұсынылды.

Осы кездесудің қорытындысы ретінде «Азаматтық авиация академиясы» АҚ-ның «Қазаэронавигация» РМК-мен ынтымақтастығы бойынша Жол картасына қол қою болды.

2022 жылғы желтоқсанда «Қазаэронавигация» РМК мен «Азаматтық Авиация Академиясы» АҚ арасында авиация мамандарын даярлау саласындағы ынтымақтастық қайта жанданды. 2023 жылдың ақпанында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.  Сондай-ақ, «Қазаэронавигация» РМК «Азаматтық авиация академиясы» АҚ студенттері үшін ӘҚҚ және РТЖБП мамандықтары бойынша білім алушылар үшін өндірістік тәжірибе ұйымдастырылды

1876