Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының аймақтық директоры Николас РАЛЛО Кәсіпорын қызметімен танысу үшін «Қазаэронавигация» РМК-да болды
Салынған уақыты 19.10.2023 14:21
17 қазанда Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының аймақтық директоры Николас РАЛЛО Кәсіпорын қызметімен танысу үшін «Қазаэронавигация» РМК-да болды.
Сапар барысында Кәсіпорын қызметін дамыту перспективалары, сондай-ақ ИКАО-мен одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Кездесуге Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, «Қазаэронавигация» РМК басшылығы мен қызметкерлері қатысты.
Осы кездесу аясында «Қазаэронавигация» РМК-ның Әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесі орталығы, сондай-ақ Әуе қозғалысын жоспарлаудың бас орталығы сияқты нысандарын аралады. «Қазаэронавигация» РМК басшылығы әуе қозғалысына қызмет көрсету саласында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен тапсырмалардың орындалу барысы туралы хабарлады.
Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігінің деңгейі ИКАО стандарттарына сәйкес келеді, бұл Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінің (EASA) стандарттарына да сәйкес келеді. Қазақстан Республикасының аэронавигациялық жүйесінің ИКАО стандарттарына сәйкестік деңгейі 2021 жылы 87%-дан 95%-ға дейін айтарлықтай өскенін көрсетті.




2678