ruenkz

HongYuan Group компаниясының өкілдерімен кездесу

Салынған уақыты 27.10.2023 14:30

Ағымдағы жылдың 26 қазанында «Қазаэронавигация» РМК, «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ және қытайлық Hongyuan Group логистикалық компаниясы арасында үшжақты кездесу өтті.

Кездесуде тараптар өзара ынтымақтастық, бірлескен жобалар және транзиттік желіні дамыту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Hongyuan Group компаниясы өз қызметі туралы және ағымдағы жылдың қараша айының ортасынан бастап Қазақстанға транзиттік авиарейстерді ұлғайту жоспарлары туралы ақпаратты таныстырды.

«Қазаэронавигация» РМК мен «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ басшылығы транзиттік рейстер санының артуы аэронавигациялық қызметтер провайдері мен әуежай үшін қосымша өсу мүмкіндіктерін беретінін атап өтті. Қазақстандық тарап жаңа рейстер мен маршруттардың ашылуын толық қолдайды және өзара тиімді жұмысты жалғастыруға дайын.

 

3153