ruenkz

Жас кадрлар – біздің болашағымыз!

Салынған уақыты 30.07.2018 16:26

Метеорологиялық қызметтің бетке ұстарлары - еліміздің үлкен және кіші әуежайларында көп еңбекті талап ететін, төтенше маңызды жұмыстарды күнделікті жасайтын мамандар - авиациялық метеорологтар болып табылады. Олардың міндеті - тұтынушыларды сапалы метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету.

      Авиациялық метеоролог мамандығы кең таралған мамандық болмаса да, ең романтикалық мамандықтардың бірі екені белгілі. Метеоролог маманын іздеу, оны оқыту мен бейімдеу – бұлар қашанда оңай міндет емес, көп уақыт пен энергияны қажет етеді.

      Еңбекте белгілі бір кезеңдерде адамдармен қош айтысатын кез келеді, мамандар көбінесе зейнеткерлік демалысқа кетеді. Атырау филиалының метеорологиялық қызметінің бос лауазымдарына 2017 - 2018 жылдарда Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық университетін метеоролог мамандығы бойынша бітіріп келген  3 маман қабылданды.

       Кез келген жас маман үшін еңбек жолының басталуы аса маңызды. Ұжым мен оның атмосферасы, заманауи материалдық-техникалық базасы, ұжымда бұрыннан жұмыс жасап келе жатырған кәсіби мамандардың қолдауы ауадай қажет. Жас  мамандар тәлімгерлер арқасында ұжымға сіңіп кетті және жұмысқа қажетті дағдыларды игерді. Ал, біз жас мамандардың өздерінің білімдері мен шеберліктерін арттыра отырып, жеңістерімен отанымыз - тәуелсіз Қазақстанның дамуына үлес қосады және «Қазаэронавигация» кәсіпорнымыздың лайықты білікті мамандары болады деп сенеміз.

1254