«TENIZ-2018» халықаралық кешенді оқу-жаттығулары
Салынған уақыты 08.08.2018 10:12
03 тамызда Ақтауда Каспий теңізі акваториясында төтенше жағдайларда әрекет ету жөнінде Халықаралық кешенді оқу-жаттығулар өтті. Оқу-жаттығу өткізу ауданы Түпқараған шығанағы, Маңғыстау облысы аумағының жағалау бөлігі, Баутино кенті.
Оқу-жаттығу Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммиті қарсаңында өткізілді. Оған Ресейдің, Әзербайжанның, Түркменстанның және Қазақстанның Құтқарушылары атсалысты. Авиацияның орналасқан орны - Ақтау әуеайлағы. Оқу-жаттығуға авиациялық техниканың 7 бірлігі, Бе-200 ұшақ-амфибия және алты әртүрлі тікұшақ жұмылдырылды.
Әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қатысқан ӘҚҚ қызметінің қызметкерлері құтқару қызметтері мен құтқару командаларын басқару және үйлестіру органдарымен үйлесімді өзара әрекеттестікте жұмыс атқарып шықты.
.jpg)
.jpg)
.jpg)
2007