ruenkz

Петропавл филиалында ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету

Салынған уақыты 19.09.2018 09:08

                Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету авиация қауіпсіздігін қажетті деңгейде ұстап тұру негіздерінің бірі болып табылады. Осы ретте құралдарға техникалық қызмет көрсету және оларды жоспарлы түрде жөндеуге барынша назар аудару қажет.

                Осы мақсатта Петропавл филиалында техникалық қызмет көрсетуді автоматты түрде есепке алу кешенін орнату, пайдалануға беру жүргізілуде және бұл ағымдағы жылдың 21 қыркүйегіне жоспарланған. Жүйе:

  • жөндеуде тұрған жабдықтың жай-күйі туралы толық ақпарат алуға;

  • объектілерді пайдалану және жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша кәсіпорын бөлімшелері мен мердігер ұйымдардың өзара қарым- қатынасының ашық болын қамтамасыз етуге;

  • жабдық қоры, оны пайдалану және жөндеу  тарихы бойынша бірыңғай база құруға мүмкіндік береді.

Бұл кешенді тәжірибеде қолдану құралға жоспарлы қызмет көрсетуге кететін уақыт санын қысқартады, сондай-ақ  қате жіберу мүмкіндігін азайтады, бұл РТЖБП қызметі үшін үлкен демеу болады.

452