ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК мамандары «Astana Marathon-2018» жыл сайынғы қайырымдылық марафонына қатысты

Салынған уақыты 19.09.2018 11:07

«Қазаэронавигация» РМК мамандары «Astana Marathon-2018» жыл сайынғы қайырымдылық марафонына қатысты

2018 жылғы 16 қыркүйекте Астана қаласында Халықаралық марафондар мен жарыстар қауымдастығына (AIMS) кіретін «Astana Marathon 2018» жыл сайынғы қайырымдылық марафоны өтті.

Аталған марафонға Қазақстанның түрлі өңірлерінен, сондай-ақ Кения, Эфиопия, Ресей, Германия, Жапония, Италия, БАӘ, Швеция, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Түркия, Австралия, Грузия, Люксембург, Испания, Беларусия, Қырғызстан, Өзбекстан, Малайзия мен Финляндия елдерінен 4661 адам қатысты.

«Қазаэронавигация» РМК мамандары да аталған марафонға белсене қатысты. кәсіпорынның бас бухгалтері Г.Е. Нұрмұханбет, қызметкерлермен жұмыс істеу бөлімінің бастығы Х.А. Сераев, Әуе қозғалысын жоспарлау бас орталығының диспетчері И.Б. Смадилова, РТЖБП жөніндегі департаменттің инженері В.И. Селиверстова, «ОҚ ӘҚҰ ӨО» филиалы ӘҚҚ қызметінің аға диспетчері Г.В. Томилин және «ОҚ ӘҚҰ ӨО» филиалы ӘҚҚ қызметінің тағылымдамадан өтуші диспетчері А.М. Омаровтар 10 км қашақтыққа жүгірді.

Мәреге жеткен барлық қатысушыларға «Astana Marathon 2018» естелік медаль берілді.

«Astana Marathon 2018» қайырымдылық марафонға қатысушылардан түскен кіру жарнасы көру, есту, сөйлеу және интеллект дамулары бұзылған балалардың қажеттіліктері үшін «Аяла» қайырымдылық қорына жіберілді.

601