ruenkz

EAD Еуропалық деректер базасы пайдаланушыларының семинарына қатысу

Салынған уақыты 25.09.2018 11:12

EAD Еуропалық деректер базасы пайдаланушыларының семинарына қатысу

EAD Еуропалық деректер базасы пайдаланушыларының алтыншы өңірлік семинары Украинада, Киев қаласында 2018 жылғы 17-20 қыркүйекте болып өтті. Бұл жүйе 160-тан астам мемлекеттердің аэронавигациялық деректер базасын, оның ішінде Қазақстан Республикасы бойынша аэронавигациялық деректерді білдіреді. Аэронавигациялық ақпаратты ұсыну үшін жауапты «Қазаэронавигация» РМК қызметкерлері де осы семинарға қатысты.

Осы кездесу барысында жүйелердегі қолданыстағы және жоспарланатын жаңартулар ұсынылған болатын. Жүйе пайдаланушылары базаны пайдалану барысында туындаған қиындықтарды көрсетіп, талқылады. EAD өндірушілеріне жаңартуларға енгізу үшін операторлардың пікірлері мен ұсынымдарын алу мүмкіндігі пайда болды.

Семинар кіші жүйелердегі кемшіліктерді жою, БЖ жаңа нұсқаларына ауысу, «қар NOTAM» (SNOWTAM) басып шығару процедурасын анықтау сияқты және т.б. аэронавигациялық деректерді ұсынудың практикалық мәселелерін шешуге арналған алаң ретінде пайдаланылады.

554