ruenkz

Авиациялық метеорологиядағы мансапқа алғашқы қадамдар

Құрылды 08.05.2019 14:20

2019 жылғы 3 мамырда «Қазаэронавигация» РМК «Оңтүстік-Шығыс ӘҚҰ ӨО» филиалының қызметкерлері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті Мансап және кәсіби даму орталығының «Табысқа жеткізер жол! Путь к Успеху!» ұранымен ұйымдастырған 2019 жылғы түлектер үшін бос орындар және тағылымдамалар жәрмеңкесіне қатысты.

Дәстүрлі бос орындар жәрмеңкесін өткізу – жұмыс берушілер үшін ЖОО түлектерінен кәсіпорынның кадрлық резервін қалыптастырудың тиімді мүмкіндіктерінің бірі. Кәсіпорынға болашақ әлеуетті жұмыс беруші ретінде қызығушылық танытқан ҚазҰУ-дың география және табиғатты пайдалану факультетінің 4-ші курс студенттері болды. Олар үшін Кәсіпорын мамандары арнайы «Авиациялық метеорология бағыты бойынша «Қазаэронавигация» РМК-дегі мансап» атты таныстырылым әзірлеп, өткізді. Техникалық мамандықтар бойынша түлектер үшін де әуе қозғалысына қызмет көрсетудегі мансап туралы таныстырылым өткізілді.

Іс-шара кезіндегі ахуал өте қызу болды, студенттер көп сұрақтар қойды, және де, олардың ойынша, бос орындар жәрмеңкесі оларға өздері таңдап алған мамандық жөнінде алғашқы түсінік алуға, Кәсіпорындағы кәсіби оқыту бағдарламалары туралы көбірек білуге мүмкіндік берді. ҚазҰУ-да метеорология, бағдарламалау, логистика және т.б. мамандықтар бойынша оқуды аяқтап жатқан студенттер де жұмысқа орналасу мүмкіндігі, тағылымдамадан өту және жазғы өндірістік тәжірибе туралы білуге белсенді түрде қызығушылық танытты.

Жалпы бос орындар жәрмеңкесіне Алматы қаласының 30-дан астам ұйымы қатысты.         

100