ruenkz

Түркістанда жаңа әуежай пайда болады

Құрылды 24.05.2019 14:07

Түркістан қаласында жаңа әуежай құрылысы басталмақ. Бұл туралы «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев мәлім етті деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Түркістан қаласында түрік инвесторларының қатысуымен жаңа әуежай салу жоспарлануда. Бүгінгі іс-шара аясында біз инвестормен келісімге қол қоюға ниеттіміз. Форум аяқталғаннан кейін бірден Түркістан қаласына келмекші. Сапар барысында әкімдікпен байланысты барлық мәселелерді шешуді жоспарлап отырмыз.  Құрылыс биылғы жылы басталады», - деді Сапарбек Тұяқбаев АЭФ-ның жаһандық инвестициялар жөніндегі дөңгелек үстелі аясындағы брифингте.

«Егер соңғы үш жылмен салыстыратын болсақ, Қазақстанға құйылып жатқан инвестиция көлемі артып келеді. Егер бұрын инвестициялар негізінен мұнай-газ саласына бағытталса, өткен жылы инвестицияның тек 45% мұнай-газ секторына, қалғандары – көлік инфрақұрылымы, коммуникация, өнеркәсіп және т.б. салаларға бағытталды», – деп толықтырды Сапарбек Тұяқбаев.

 

94