ruenkz

Зейнеткерлікке шыққан соң өмір енді ғана басталғандай болады

Құрылды 04.06.2019 11:05

Зейнеткерлікке кету әрбір адамның өміріндегі маңызды сәт болып табылады, өйткені ол кәсіби қызметтің қорытындысын шығарады. Әдетте, әріптестер бұл оқиғаны қуанышты әрі есте қалатындай етуге тырысады.
2019 жылғы 30 мамыр күні «Қазаэронавигация» РМК-ның Қостанай филиалында салтанатты түрде 2-санатты метеоролог- техник Наталья Тимофеевна Шабанованың демалысқа шығуына арналған іс-шара өтті.
Наталья Тимофеевна 40 жыл бойы авиациялық метеорологияда жұмыс істеді, өзінің еңбек жолын 1980 жылы бастады. Өз жұмысын адал және абыроймен атқара білді. Өз әріптестерінің арасында және басшылықтың алдында сый-құрметке бөленді. Тәжірибесі мол болғандықтан, әріптестерімен өз кәсіби білімімен үнемі бөлісіп отыратын.
Мінсіз жұмысы мен көпжылдық еңбегі үшін филиал директорының атынан грамота беріліп,  алғыс сөздер мен тілектер айтылды.

108