ruenkz

Air Astana үшінші Embraer 190-E2 иесі атанды

Құрылды 06.06.2019 15:13

Қазақстанның ұлттық әуетасымалдаушысы Air Astana жаңа Embraer 190-E2 ұшағын алды. Бұл AerCap компаниясынан операциялық лизингке алынған бес әуе лайнерінің арасындағы үшіншісі. Осы үлгідегі ӘК алдыңғы модификациядағы Embraer 190 ұшақтарының орнына келіп жатыр.
P4-KHC тіркеу нөмірі бар Embraer 190-Е2 ұшағы экономкласта  96 орын және бизнес-класта 12 орын болатын екі сыныпты жиынтықта келді. Оның Алматы – Нұр-Сұлтан – Алматы бағыты бойынша алғашқы коммерциялық ресі 2019 жылдың 1 маусымына белгіленген.
Air Astana авиакомпаниясы өзінің Embraer 190-E2 ұшағын Қазақстан бойынша ішкі рейстерде, сондай-ақ Ресей, Орталық Азия және Қытайға халықаралық бағыттарда пайдаланады. Embraer Е2 тобының ұшақтарына деген қызығушылықты Air Astana басшысы Питер Фостер олардың экономикалық тұрғыдан тиімді болуымен түсіндірді. Сонымен қатар, топ-менеджер Е2-ге тапсырысты ұлғайту мүмкіндігін де жоққа шығармады.
2019 жылы тағы екі E190-E2 ұшағын жеткізу күтілуде екендігі белгілі. Сонымен қатар, 2019-2020 жылдар аралығында авиакомпания Airbus A320neo тобының 13 ұшағын қабылдап алуды жоспарлап отыр.

110