ruenkz

KLM 21 ғасыр жолаушылар авиациясындағы төңкеріске дайындалуда

Құрылды 17.06.2019 08:52

Нидерландтық KLM авиакомпаниясы жолаушылар авиациясында төңкеріс жасауға ниетті. Ол Airbus A350 қарағанда 20% аз отынды тұтынатын жаңа Flying-V ерекше пішінді ұшағын ұсынды.  Бұл туралы The Sun жазады.

Flying-V жолаушылар тасмымалдайтын ұшу аппараты бұрын болған ұшақтардың барлық түрінен ерекшеленеді. Ол жолаушылар салонын, отын бактарын, жүк бөліктерін және басқа да машина инфрақұрылымын тікелей қанаттарға орналастыруға мүмкіндік берді. Мұндай пішім ең үнемді заманауи машиналармен салыстырғанда отын шығынын 20% төмендетеді.

Жобаға сәйкес, машина ұзындығы 65 метрді құрайды, ал ені сәл қысқа болады — 55 метр. Мұндай параметрлер ерекше әуе кемесінің қолданыстағы әуежайлар мен олардың инфрақұрылымын пайдалануына мүмкіндік береді. Flying-V - V нысанының әр жағынан екі қатарда бір-бірден орналасқан 314 жолаушыны сыйдыра алады.

Ғалымдар биылғы жылдың қазан айында ұшақтың прототипін ұсынуға ниетті. Сол кезде әртүрлі ұшу режимдерінде, мысалы, ұшып көтерілу және қону кезіндегі төмен жылдамдықтарда Flying-V тұрақтылығы мен сенімділігіне алғашқы сынақтар жүргізілмек. Егер сынақ сәтті өтсе, ұшақ KLM паркінің құрамына кіреді.

 

92