ruenkz

Метеорологиялық қамтамасыз ету және ақпарат басқармасының «Қазаэронавигация» РМК филиалдарының метеорологиялық қызметтерінің бастықтарымен кеңесі өтті.

Құрылды 25.06.2019 09:30

2019 жылғы 19-20 маусым аралығында метеорологиялық қамтамасыз ету және ақпарат басқармасының «Қазаэронавигация» РМК филиалдарының метеорологиялық қызметтерінің бастықтарымен кеңесі өтті.

Күн тәртібінде метеорологиялық қамтамасыз етуге қатысты бөлігінде ұшу қауіпсіздігі бойынша ішкі аудиттердің нәтижелерін талдау, Қазақстан Республикасындағы авиация қызметін регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілерге түзетулерді талқылау қаралды, филиалдардың метеорологиялық қызметтерінің 2018 жылғы жұмысы туралы есептер тыңдалды, сондай-ақ 2019 жылға арналған басымдықтар мен міндеттер анықталды. Сондай-ақ, кеңесте метеорологиялық қамтамасыз етуді ұсыну бөлігінде Ұшу ақпараты орталықтарын (ҰАО) енгізу мәселелерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары талқыланды.

128