ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК қызметкері триатлон бойынша Қазақстан Республикасының V жазғы спартакиадасына және «TEMIRADAM» КУБОГІНІҢ VІІ КЕЗЕҢІНЕ қатысты

Құрылды 24.07.2019 09:09

21 шілдеде Қарағанды қаласында триатлоннан Қазақстан Республикасының V жазғы спартакиадасы және «TEMIRADAM» кубогінің VІІ кезеңі өтті.
Age Group санатындағы әуесқой атлеттер арасында қызметкерлермен жұмыс істеу және әлеуметтік мәселелер бөлімінің бастығы Хамет Альбертович Сераев қатысты. Өзінің жас санатында ол екінші орынға ие болып, күміс жүлдегер атанды.
Ағымдағы жылдың 23 маусымы мен 7 шілдесі аралығында Ақтөбе қаласы мен Бурабай кентінде өткен осындай жарыстарда Х. А. Сераев тиісінше 1 және 2-орындарды алды.
Хамет Альбертович өзінің спорттық жетістіктерімен кәсіпорын жастарына үлгі көрсетіп, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырады.
Хамет Альбертовичті кезекті жеңістерімен құттықтай отырып,  келешекте спортта талай жетістіктерге қол жеткізіп, рухының сергек болуын және спорттық көңіл-күй тілейміз.
 

69