ruenkz

Дубайдың әуежайында ересектердің қарауынсыз, өздері саяхаттайтын балаларға арналған зал пайда болды

Құрылды 19.07.2019 15:00

Ересектердің қарауынсыз саяхаттайтын кәмелетке толмаған жолаушылар үшін арнайы әзірленген әуежайдың күту залын Дубай халықаралық әуежайындағы (DXB) 1-терминалда авиациялық қызметтердің провайдері — Дубай ұлттық әуе көлігі қауымдастығы (dnata) ашты деп хабарлайды Ato.ru порталы.
Dnata жалдаған 70-тен астам қызметкер авиакомпания өкілдерімен бірлесіп жұмйс жасайды және балалар лаунджындағы қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз етеді, сондай-ақ балаларды бортқа уақытылы және жайлы отырғызу үшін жауапты болады. Залда бірнеше шетел тілін меңгерген қызметкерлер тәулік бойы қызмет көрсетеді. Кішкентай қонақтардың күні бойы жүруіне болатын ойын аймағы да бар.
Dnata бөлімшесінің БАӘ әуежайларындағы жұмыс жөніндегі аға вице-президенті Стив Аллен: «Соңғы жылдары біз кәмелетке толмағандарға көрсетілген қауіпсіз және сенімді қызметтердің арқасында мыңдаған ата-аналардың сеніміне ие болдық. Енді біз кішкентай жолаушылардың саяхаттау тәжірибесін кеңейтеміз. Жаңа лаундж-аймақ барлық жастағы балалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған»- деп атап өтті.

59