ruenkz

Ақтау филиалында Кәсіпорынның 2019-2023 жж. инвестициялық жоспарына сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді

Құрылды 08.10.2019 10:37

Кәсіпорынның 2019-2023 жж. инвестициялық жоспарына сәйкес, қызмет мерзімі жеткен, ресурсы таусылған СП-90 қону жүйесін ILS NORMARC 7000 қону жүйесіне алмастыру жүргізілді.
Сондай-ақ метеорологиялық қызмет объектілерінде резервтік жабдықты орнату бойынша монтаждау жұмыстары жүргізілді.
Бұл іс-шаралар тұтас алғанда ұшу қауіпсіздігінің деңгейін арттырады.
Жайлы жұмыс және қызметкерлердің еңбек өнімділігінің сапасын арттыру үшін ӘҚБ орталығының аумағындағы қоршауларды сырлау бойынша ағымдағы жөндеу және БПРМ-296 объектісінде жабынды жөндеу жүргізілуде.
Эстетикалық кескін беру үшін аумақты абаттандыру -  асфальтты жолдар мен алаңдар төсеу, ӘҚБ орталығының аумағында көгалдандыру, ағаштар (боз арша, ақмия, шаған), бұталар (қына ағаш), көпжылдық гүлдер (раушан, шырайгүл) отырғызу және көгал егу жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ суару жүйесі орнатылды.
 
 
 
 

 

315