Сарапшылар болашақта әуежайлардың қалай өзгеретінін айтты
Салынған уақыты 03.02.2020 10:25
Әлемдегі ең ірі Amadeus жаһандық дистрибьюторлық жүйесінің талдаушылары 15-20 жылдан кейін әуежайларда қызмет көрсету биометриялық деректерді қолдану арқылы толық автоматтандырылған болады деп мәлімдеді. Бұл туралы Travel Daily Media жазады.
Біріншіден, барлық процестер автоматтандырылады, өйткені жолаушылар саны жыл сайын ұлғая түседі. Қызмет көрсетуді автоматтандыру кезектердің азаюына ықпал етеді. Екіншіден, әуежайлар өз аумағынан тыс жерде жолаушылармен жұмыс істеу мүмкіндігін кеңейтетін болады. Әуежайдан тыс қызметтер қалыпты жағдайға айналып, залдар қызметі өзгереді. Үшіншіден, биометриялық технологияларға салынатын инвестициялар өседі, өйткені әуе айлақтары жолаушылар ағынын оңтайландыра отырып, өткізу қабілетін арттыруға ұмтылады. Төртіншіден, болашақта экология мәселесі маңызды болмақ. Соңғы жылдары көміртегі шығарындылары мәселесі әлемдік туризм индустриясын көп алаңдатады. Интернет арқылы жұмыс істейтін арнайы бұлтты бағдарламаларда ақпаратты пайдалану мен сақтауды білдіретін «бұлтты» технологияларды дамыту қоршаған ортаға келтірілетін залалды айтарлықтай азайтуға көмектеседі.
Бесіншіден, болашақта әуежайлар цифрлық болады. Сондай-ақ мереке, фестиваль және үлкен спорттық оқиғалар күндері әуе айлақтары қосымша инфрақұрылымды тартпай ұсынылатын қызметтердің көлемін өздері реттейтін болады. Барлық процестер онлайн болады.

5146