ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы
Салынған уақыты 19.02.2020 17:13
18 ақпанда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті, онда 2019 жылғы қызметтің қорытындысы шығарылып, ағымдағы жылға міндеттер белгіленді. Қалыптасқан тәжірибе бойынша оған ҚР Премьер-Министрінің жетекшілік ететін орынбасары қатысты.
Алқа қорытындысы бойынша Роман Скляр министрлік қызметінің бағыттары бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
Маңызды мәселелердің бірі - азаматтық авиацияны дамыту. Роман Скляр «Ашық аспан» режимін енгізу аясында шетелдік авиакомпаниялармен жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.
Қазіргі уақытта Қазақстанның 26 елмен 99 бағыт бойынша әуе қатынасы бар. Өткен жылы 12 авиарейс ашылды. Биылғы жылы 14 жаңа авиамаршрутты ашу жоспарлануда.
2019 жылы азаматтық авиация саласында негізгі көрсеткіштердің серпіні тұрақты өсуді көрсетеді. Транзиттік ағын 1 миллион жолаушыға жетті. 8 млн астам жолаушы тасымалданды, бұл 2018 жылға қарағанда 9%-ға артық.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2019 жылы Қазақстанда 11 әуежайда ашық аспан режимі енгізілді. Бүгінгі таңда Қазақстан 26 елмен 99 бағыт бойынша әуе қатынасына ие. Өткен жылы 12 авиарейс ашылды. Биылғы жылы 14 жаңа авиамаршрутты ашу жоспарлануда. «Qatar Airways», «Emirates», «Air Asia», «Israir», «Salam Air», «Jazeera Airways», «LOT» сияқты компаниялардың келуі күтілуде.
Қазақстан Доха, Маскат, Куала-Лумпур және басқа бағыттар бойынша әуе қатынасын ашуды жоспарлап отыр. 2020 жылы Алматы-Париж және Алматы-Мумбаи сияқты бағыттар ашу жоспарлануда.
5 жыл ішінде 13 әуеайлақ салу жоспарлануда.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР ИИДМ 2020 жылдың бірінші жартысында реттеудің жаңа моделі аясында қауіпсіздікті арттыру бойынша тұрақты авиатасымалдарды орындайтын барлық авиакомпанияларды тексеруді аяқтауды жоспарлап отыр.
Британдық азаматтық авиация агенттігінің сарапшыларымен ынтымақтастық шеңберінде Қазақстанның авиациялық биліктері азаматтық авиация саласын реттеу жүйесін еуропалық талаптарға және үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес келтіру жөніндегі жұмысты жандандырады деп күтілуде.
Бұдан басқа, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ-ны жоғары білікті мамандармен жасақтауды, сондай-ақ инспекторларды оқытуды аяқтау жоспарлануда.


5147