ruenkz

Семей қаласының әуеайлағында әуе кемелеріне навигациялық қызмет көрсетуге арналған заманауи радиотехникалық жабдық орнатылды

Салынған уақыты 02.03.2020 16:37

2020 жылдың ақпан айында Семей қаласының әуеайлағында THALES фирмасы шығарған барлық жаққа бағытталған өте жоғары жиілікті DVOR 432/DME 435 радиомаягы қабылдау-тапсыру сынақтарынан және ұшу кезіндегі тексеруден сәтті өткізілді.
Радиотехникалық жабдық әуе трассаларымен ұшуды орындайтын әуе кемелеріне навигациялық қызмет көрсетуге, сондай-ақ қонуға кіруді қамтамасыз етуге арналған.
Бұл Семей әуежайында орнатылған осы үлгідегі алғашқы навигациялық маяк.
Аэронавигациялық ақпарат жинағында DVOR/DME маяктарын пайдалана отырып, қонуға кіру схемаларын жариялау AIRAC мерзімдеріне сәйкес орындалатын болады.
 

6215