ruenkz

«Қазаэронавигация» кәсіпорнының бас директоры лауазымы бос орнына конкурс

Салынған уақыты 08.07.2025 17:32

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры лауазымы бос орнына конкурс

 

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

 

Кәсіпорынның атауы мен орналасқан орны:

«Қазаэронавигация» ШЖҚ РМК, Қазақстан Республикасы, 010016, Астана қаласы, Есіл ауданы, Е522 көшесі, 15-ғимарат

 

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Кәсіпорын қызметінің мәні әуе қозғалысын ұйымдастыруды, байланыс, навигация және бақылау жүйелерін ұсынуды, ұшуды метеорологиялық және іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді, аэронавигациялық ақпаратты ұсынуды қамтитын аэронавигациялық қызметті көрсету болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Кәсіпорын өз қызметінің негізгі мақсатын аэронавигациялық қызметтерді көрсету және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аударымдарды жүзеге асыру арқылы іске асырады.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

  1. кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары білімінің болуы: жоғары техникалық. Мүмкіндігінше «Іскерлік әкімшілік ету магистрі» дәрежесінің немесе басқару (менеджмент) саласындағы қосымша білімінің болуы;
  2. Кәсіпорын қызметінің бейініне сәйкес келетін басшы лауазымдарда кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілінің болуы;
  3. Кәсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу.

 

Функционалдық міндеттері:

  • Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық ету;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте Кәсіпорынның мүлкіне билік етеді;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғыда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Кәсіпорын жұмыскерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шартын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және оларға жаза қолданады;
  • белгіленген еңбекақы қоры шегінде Кәсіпорын жұмыскерлеріне (өзінің орынбасарлары мен бас бухгалтерін қоспағанда) еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесін, лауазымдық айлықақыларының мөлшерін, сыйлықақы беру және өзге де сыйақы беру жүйесін бекітеді;
  • өз орынбасарларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату үшін тиісті саланың уәкілетті органына кандидатураларды ұсынады;
  • өз орынбасарларының және Кәсіпорынның басқа да басшы жұмыскерлерінің құзыретін белгілейді;
  • тиісті саланың уәкілетті органымен келісім бойынша Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктерінің директорларын қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;
  • Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктері туралы ережелерді бекітеді;
  • Кәсіпорынның даму жоспарын іске асырудың нәтижелілігі мен тиімділігі үшін жауапты болады;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

Конкурсты өткізу күні мен орны:

 

Өтініштерді қабылдау www.e-qazyna.kz мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында 09.07.2025 ж. – 17.07.2025 ж. аралығында жүзеге асырылады.

Конкурсты өткізу күні: 21.07.2025 ж.

Конкурс өткізілетін мекенжай: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты.

Нақты ақпарат пен құжаттар мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында - интернет желісінде орналасқан www.e-qazyna.kz интернет-ресурсында ұсынылған.

2615