Алматыда тілдік талаптарды енгізу бойынша ИКАО жұмыс тобының 47-ші отырысы өтуде
Салынған уақыты 08.10.2025 16:46
ИКАО Еуропалық және Солтүстік Атлант өңірлік бюросы (EUR/NAT) Алматыда Тілдік талаптарды енгізу жөніндегі жұмыс тобының (Language Proficiency Requirements Implementation Task Force - LPRI TF) 47-ші отырысын өткізеді.

ИКАО-ның тілдік талаптары халықаралық ұшуларды орындайтын әуе кемелерінің пилоттарына және осы ұшуларды қамтамасыз ететін әуе қозғалысына қызмет көрсететін (ӘҚҚ) диспетчерлерге қойылады. Ұшу қауiпсiздiгiнiң жоғары деңгейiн ұстап тұру үшiн авиация мамандары ИКАО-ның төртiншi жұмыс деңгейiнен төмен емес жалпы және авиациялық ағылшын тiлiн меңгеруi тиiс.

LPRI TF жұмыс тобы EUR/NAT өңірі елдерінде тілдік біліктілікке қойылатын талаптарды үйлестіруді және олардың орындалуын қадағалауды жүзеге асырады. Отырыстың мақсаты:
• Language Proficiency Requirements (LPR) талаптарын енгізу және бақылау тәсілдерін келісу;
• авиациялық ағылшын тілін оқыту және тестілеу тәжірибесімен алмасу;
• ИКАО стандарттарын біркелкі қолдануда ұлттық авиациялық әкімшіліктерді, оқу және тестілеу ұйымдарын қолдау.

Отырысқа ИКАО орталық офисінің, сондай-ақ халықаралық ұйымдар - IATA, IAOPA, EASA, EUROCONTROL өкілдері қатысуда.
Қазақстан Дания, Польша, Молдова Республикасы, Австрия, Хорватия, Кипр, Сербия, Швейцария, Словения, Люксембург, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Әзірбайжан, Өзбекстан, Беларусь және Қазақстаннан авиациялық билік, оқу және тестілеу орталықтарының делегаттарын қабылдайды.
Ағымдағы отырыстың негізгі тақырыбы - 2023 жылғы желтоқсанда шығарылған «Guidance on the Harmonized Implementation of Language Proficiency Requirements and Its Oversight» («Тілді меңгеруге және қадағалауға қойылатын талаптарды үйлестіре отырып енгізу жөніндегі нұсқаулық») EUR Doc 046 нұсқаулығын практикалық түсіндіру және қолдану.
Бұл құжат 2010 жылы жарияланған ИКАО Doc 9835 «Manual on the Implementation of ICAO Language Proficiency Requirements» нұсқаулығының жалғасы болып табылады және тілдік стандарттарды біркелкі қолдануда Орталық Азия мемлекеттерін қолдауға бағытталған.

Іс-шараға қатысу:
• авиациялық персоналдың тілдік біліктілік стандарттарын енгізуге және бақылауға жәрдемдесуге бағытталған ИКАО EUR/NAT соңғы бастамаларымен танысуға;
• авиациялық ағылшын тілін тестілеу мен оқытудың заманауи тәсілдері туралы өзекті ақпаратқа қол жеткізуге;
• халықаралық және ұлттық авиация ұйымдарының өкілдерімен кәсіби пікір алмасуға қатысуға;
• ИКАО-ның тілдік стандарттарын ұлттық деңгейде тиімді енгізуге ықпал ететін іскерлік байланыстарды орнату және нығайтуға мүмкіндік береді.

LPRI жұмыс тобының отырысына еліміздің атынан Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінің, еліміздің жетекші авиакомпанияларының, «Қазаэронавигация» РМК Кәсіби дайындау орталығының, Азаматтық авиация академиясының, сондай-ақ Swan Aviation және Aviator.kz. оқу және тестілеу орталықтарының өкілдері қатысуда.
1902