ruenkz

Қазақстанда пилотсыз ұшу аппараттарын құрастыру жоспарланып отыр

Салынған уақыты 05.06.2020 15:48

«Қазақстан авиациялық индустриясы» ЖШС пилотсыз ұшу аппараттарының өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр.

«2020 жылы Қазақстанның мемлекеттік органдарын қамтамасыз ету үшін пилотсыз ұшу аппаратының тиімділігі жоғары көпфункционалды жүйелерін құрастыру өндірісін ұйымдастыру жоспарланып отыр», - делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарламасында.

Сондай-ақ, кәсіпорын авиациялық қызметтердің азаматтық нарығына, оның ішінде экспортқа шығуды жоспарлап отыр, бұл болашақта Өңірлік көпфункционалды сервистік авиациялық орталық мәртебесіне үміткер болуға мүмкіндік береді.

Авиациялық өнеркәсіпті және Қазақстан Республикасының әуе кемелерін өндіру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу нарығында бәсекеге қабілеттілігін дамыту үшін 2016 жылы «Қазақстан авиациялық индустриясы» ЖШС құрылды. Кәсіпорынның алдында тұрған негізгі міндеттердің қатарына мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасының жарамдылығын қалпына келтіру бойынша мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау кіреді. Бұл міндеттерді шешуді әскери ұшақтарды пайдалануда тәжірибесі мен дағдысы бар мамандар, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік бейінді оқу орындарын бітірген жас инженерлер мен техниктерден тұратын жоғары білікті қызметкерлер қамтамасыз етеді.

Отандық кәсіпорын 2018-2020 жылдары Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет Ан-72, Су-25 Су-27, С-295 ұшақтарында регламенттік жұмыстар жүргізген.

Соңғы жылдары кәсіпорынның штаттық персоналы 2 есеге, 200 адамға дейін артты.

5071