ruenkz

Нұр-Сұлтан әуежайына NQZ коды берілді

Құрылды 23.06.2020 08:39

«2014 жылдан бері Қазақстан Нұр-Сұлтан әуежайының халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (ИАТА) беретін үш әріптік кодын өзгерту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келді. ИАТА-ның бүкіл әлем бойынша әуежайларға кодты бір рет және тұрақты негізде беру қағидаттарына қарамастан, қазақстандық тарап осы бағытта оң нәтижелерге қол жеткізе алды», - делінген хабарламада.

ИАТА өкілдерімен бірлесіп, әуежай кодтарын беру және өзгерту бойынша ИАТА тәсілдеріне өзгеріс енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл өзгерістер 2019 жылғы 14 қазанда Варшавада (Польша) ИАТА барлық мүшелерінің қатысуымен өткен Жолаушылар тасымалы стандарттары (Passenger Standards Meeting) жөніндегі кеңесте қолдау тапты.

128