ruenkz

Павлодар филиалының қызметкерлерін «Авиациялық қауіпсіздік» модулі бойынша оқыту

Құрылды 25.06.2020 09:42

«Авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 1083 бұйрығына сәйкес 2020 жылғы 16-19 маусым аралығында «Қазаэронавигация» РМК Павлодар филиалының авиациялық қауіпсіздік қызметіне қатысы жоқ, әуежайдың бақыланатын аймағына ілесе жүрусіз кіруге рұқсаты бар 25 қызметкері «Авиациялық қауіпсіздік» (Авиациялық қауіпсіздікті басқару) модулі бойынша оқуды сәтті аяқтады.

Оқытуды «Қазаэронавигация» РМК Кәсіби дайындау орталығының нұсқаушысы қашықтықтан жүргізді. Курс тыңдаушыларына оқу материалы презентация мен бейнематериал түрінде ұсынылды.

Қызметкерлердің даярлық деңгейі онлайн режимде қорытынды тест алу арқылы тексерілді.

118