ruenkz

FlyArystan Алматы мен Шымкенттен Ақтауға ұшатын авиарейстерін іске қосты

Құрылды 29.06.2020 09:00

FlyArystan авиакомпаниясы Ақтау, Атырау және Ақтөбе қалаларында төрт жаңа авиарейсті іске қосты деп хабарлайды Tengritravel.kz. 21 маусымнан бастап дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері, яғни аптасына бес рет Airbus А320 Алматы - Ақтау - Алматы бағыты бойынша тікелей рейстерді жүзеге асыра бастайды. Бір тарапқа ұшу құны - 12 999 теңгеден 58 999 теңгеге дейін.

1 шілдеден бастап 180 орындық әуе лайнері Шымкенттен Атырау, Ақтау және Ақтөбеге тұрақты түрде ұшатын болады:

Шымкент – Атырау - Шымкент сәрсенбі және жұма күндері аптасына екі рет. Ұшу құны - бір тарапқа 9 999 теңгеден 49 999 теңгеге дейін.

Шымкент – Ақтөбе - Шымкент дүйсенбі және сенбі күндері аптасына екі рет. Билет құны бір жаққа – 8 999 теңгеден 44 999 теңгеге дейін.

Шымкент-Ақтау-Шымкент сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері аптасына үш рет. Бір жаққа ұшу билетінің бағасы - 9 999 теңгеден 49 999 теңгеге дейін. Бағаға борттағы орын және бес килограмм қол жүгі кіреді.

118