ruenkz

FlyArystan енді Орал қаласына ұшпайтын болды

Құрылды 03.07.2020 10:37

Tengritravel.kz авиакомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, FlyArystan авиакомпаниясы ағымдағы жылдың 20 маусымынан бастап Оралдан Астанаға ұшатын тұрақты рейстерін тоқтататынын хабарлайды. Авиакомпанияда хабарлағандай, бұл шешім Орал халықаралық әуежайының бұрын қол қойылған шартқа сәйкес FlyArystan рейстеріне қызмет көрсетуден бас тартуынан кейін қабылданды.

«Атап айтқанда, әуе айлағы FlyArystan ұшақтарын кешкі және түнгі уақытта қабылдауға дайын емес. Осыған байланысты бірінші қазақстандық лоукостер Оралға ұшудан бас тартуға мәжбүр, өйткені оның күндізгі уақытта алыс магистральды рейстерді орындауға мүмкіндігі жоқ», - деп мәлімдеді FlyArystan. Алматы - Орал - Алматы бағыты бойынша рейстер 2019 жылдың мамырында жүзеге асырыла бастады, ал лоукостер операциялық қызметін бастағалы бері 111 мыңнан астам жолаушыны тасымалдады.

«FlyArystan келгелі бері Орал халықаралық әуежайының жолаушылар ағыны 2019 жылдың мамыр-желтоқсан аралығында 20 пайызға өскендігін атап өткен жөн. FlyArystan ұшу билеттерін 20 маусым мен 25 қазан аралығында сатып алған жолаушылар алдындағы өз міндеттемелерін орындауға дайын екендігін хабарлаймыз. Олар «Эйр Астана» авиакомпаниясының рейстерімен тасымалданатын болады. Мәлімет ретінде Алматы-Орал-Алматы бағыты бойынша рейстерді «Эйр Астана» бас компаниясы 21 маусымнан бастап жүзеге асыратынын хабарлаймыз», - деп түйіндеді авиакомпанияда.

120